Ақтөбе облысы әкімдігі жас мамандарды жұмысқа шақырады
Инвестициялар тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысы әкімдігінің жанынан инвестициялар тарту (негізінен шетелдік) және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үшін жобалық кеңсе құру жоспарлануда.
Біз өңірімізді дамытуға және түрлі салаларға инвестициялар тартуға бағытталған негізгі жобаларды іске асыруға қатысу үшін талантты және белсенді жас мамандарды шақырамыз.
Кандидатураларды іріктеу кәсіби дағдылар деңгейін, тиісті саладағы тәжірибені және жеке қасиеттерін бағалауды ескере отырып, объективті шешім негізінде жүргізілетін болады.
Қажетті біліктілік талаптары:
✅ Жоғары экономикалық білім (негізінен шетелдік);
✅ «Болашақ» бағдарламасы бойынша немесе Nazarbayev University, Zhubanov University (Heriot-Watt University) бағдарламасында оқуды аяқтаған үміткерлерге артықшылық беріледі;
✅ Ағылшын тілін еркін меңгеру;
✅ Әртүрлі мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс істей білу;
✅ Тамаша қарым-қатынас және келіссөздер дағдылары;
✅ Стратегиялық ойлау, нәтижеге бағдарлану және көп тапсырма жағдайында жұмыс істеу қабілеті.
Кандидаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 8 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Түйіндеме үшін байланыстар:
✉️ a.zhumina@aktobe.gov.kz
📲 +77756288722 ватсап