Home page > Ads > Жұбанов университеті бос лауазымдарға конкурс жариялайды
4
Жұбанов университеті бос лауазымдарға конкурс жариялайды

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі факультеттердің деканы лауазымына конкурс  жариялайды:

 

Факультет атауы

Бос лауазым бірліктері

Барлығы

Декан

1

Жаратылыстану факультеті

1

 

2

Тарих факультеті

1

 

3

Физика-математика факультеті

1

 

 

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263.

 

Қызметтердің  негізгі мәні-факультетте  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруды ұйымдастыру.

Қызметтердің мақсаты – факультетте оқу-әдістемелік,  ғылыми-инновациялық жетістіктерге қол жеткізу; жеке тұлғаның ұлттық құндылықтар негізінде  дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасауды ұйымдастыру.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. Он сегіз жасқа толмаған;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде университет сайтында бекітілген «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми-қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасу ережесіне сәйкес құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар  беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Декан лауазымына қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаны туралы куәліктің болуы.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Персоналды басқару департаментіне (3 кабинет) өткізу қажет.

Тел. 8-705-604-77-26, 8 (705) 44 122 95.