«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2024» конкурсына өтініштер қабылданады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2024» конкурсын (бұдан әрі конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2015 үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі-Қағида) қосымша беріліп отыр.
2024 жылдың 1-11 қараша аралығында өтетін конкурстың І кезеңіне қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2024.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:
1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) Кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 12-15 қараша аралығында өткізіледі.
Байқаудың ІІ кезеңі (республикалық) 2024 жылдың 18 қараша - 13 желтоқсан аралығында өтеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2024.iac.kz сайтында жарияланатын болады.