Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері, полиция подполковниктері Олжас Оспанов пен Асқар Иманов, сондай-ақ «Дәріс-2016» қоғамдық қорының атқарушы директоры, ҚР ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі Гүлнұр Идигеева қатысты. Кездесу барысында мамандар адам саудасының түрлері, …