20/01/2025
Хериот-Уотт университеті Ақтөбе кампусының өкілдері мектептерде ақпараттық сессиялар өткізді

Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусының өкілдері қаламыздағы №21, №23, №24, “Білім” және “Ақбөбек” мектептерінде ақпараттық сессиялар өткізді. Сессия барысында Мансап және кәсіптік бағдарлау департаментінің директоры Ә.Х. Жұмағазиев университет кампусы мен оқуға түсу талаптары туралы мәлімет берді. Эдинбург кампусынан келген академиялық менеджерлер Д. Свонсон мен П. Драбкова Хериот-Уотт университетінің әлемдік кампустары туралы ақпарат ұсынды. Академиялық ағылшын тілі оқытушылары А. Оразова мен А. Бисенгалиева қабылдау емтихандары жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, кампустың белсенді …

Read more
17/01/2025
Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусында Ашық есік күні өтті

Бүгін Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қаламыздың мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысты. Оқушылар кампусты аралап, университетке оқуға түсу шарттары, қабылдау талаптары және ұсынылатын мамандықтар туралы маңызды ақпарат алды. Хериот-Уотт Ақтөбе кампусының аға оқытушысы, PhD Әміре Жұмағазиев мамандықтар жөнінде арнайы презентация жасап, болашақ талапкерлерге пайдалы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, шетелдік профессорлар: Professor Muhammad Arshad, Dr. Muhammad Salman Kigai, Neda Eghtesadi, Daniel Swanson және жергілікті оқытушылар Хериот-Уотт …

Read more
17/01/2025
Профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткен спартакиада мәресіне жетті

Бүгін университетте профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткізілген дәстүрлі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Биылғы спартакиада 8 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды: ату жарысы, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс, үстел теннисі, стритбол, шағын футбол, сондай-ақ қыздар мен ерлер арасында волейбол. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов спартакиаданың басты мақсаты бұқаралық спортты насихаттау ғана емес, сондай-ақ ұжым арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту екенін атап өтті. Жарыста факультеттер мен әкімшіліктен барлығы 230-ға жуық қатысушы командалық …

Read more
14/01/2025
Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған. «Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет, онда ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға …

Read more
13/01/2025
Heriot-Watt университеті Ақтөбе кампусының студенттері Малайзия және Эдинбург кампустарына оқуға жіберілді

ҚР Президентінің тапсырмасымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында ашылған Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының студенттерінің алғашқы легі Малайзия және Эдинбург кампустарына оқуға жіберілді. Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2 курсында оқитын 16 студент GoGlobal академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімін жетілдіру үшін британдық жетекші университеттің басқа кампустарына аттанды. «Студенттердің ағылшын тіліндегі деңгейі мен академиялық көрсеткіштері (GPA) аса мән берілген басты критерийлердің бірі болды. Басқа кампустарға жіберілгенімен, студенттеріміздің оқуы грант негізінде әрі қарай …

Read more
10/01/2025
«Қысқы мектеп» қорытындыланды

Бүгін қысқы мектеп тыңдаушыларына сертификаттар табысталды. Бір аптаға жуық уақыт ішінде университеттің 120-ға жуық профессор-оқытушылары мен менторлары инклюзивті білім беру саласында біліктіліктерін арттырды. Қысқы мектеп аясында Жұбанов университеті және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақтөбе филиалы бойынша спикерлер «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті білім беру үрдісіне қосу», «Қазақстандағы инклюзивті білім берудің контексті және заңнамалық негізі», «Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйелерінің инклюзивті әдістемелері» тақырыптарында дәрістер өткізді. Сонымен қатар, «Денсаулық …

Read more
10/01/2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Бүгін  мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Тақта ғалымның өмір сүрген үйі – 12 шағын аудандағы №21 үйде ашылды. Рәсімге Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақсақалдар кеңесі, университет басшылығы, профессор-оқытушылар және Амангелді Айталының туыстары қатысты. Іс-шара барысында ғалымның елеулі еңбектері мен кең ауқымды қоғамдық қызметі ерекше атап өтілді. Университет ректоры Лаура Қарабасова профессордың университет ғылымын дамытудағы өлшеусіз үлесіне тоқталып, бар өмірін …

Read more
08/01/2025
Жұбанов университетінің спортшысы әлемдік додада бақ сынайды

Жұбанов университетінің студенті Ернұр Бексұлтан 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның намысын қорғайды. Қазақстан бойынша 120 спортшының ішінен іріктелген ең мықты 12 спортшының қатарында Ернұр Бексұлтан да әлемдік додаға жолдама алды. Ол  қазақтың жас шаңғышысы ретінде танымал. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының қатысушысы.  Ернұр Бексұлтанға әлемдік додада сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіреміз!

Read more
08/01/2025
Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау тәжірибесімен бөлісті

6-10 қаңтар аралығында Жұбанов университетінде университеттің жетекші профессорлары оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған дәрістер өткізуде. Бүгін алғашқылардың бірі болып, PhD, қауымдастырылған профессор Гульжана Кузембаева «Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында профессор рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау үдерісі туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салада жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, профессор мақала жариялаудың алғашқы кезеңдерінде журналдың бағыт-бағдарын анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қадам …

Read more
06/01/2025
Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті

Бүгін Жұбанов университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазыбек Әлішев келіп, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында отбасылық құндылық, жастарды еңбекке баулу және білім беру саласындағы тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Жұлдыз Сүлейменова өз сөзінде интеллектуалдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтіп, адамның өміріндегі табыс әлеуметтік жағдайға емес, ең алдымен білім мен еңбекке деген ұмтылысқа байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, табысқа жету жолында табандылық, еңбекқорлық, кітап оқу, жаңашылдық …

Read more
06/01/2025
Қысқы мектеп – 2025: Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру

2025 жылдың 5-10 қаңтары аралығында Жұбанов университетінде дәстүрлі қысқы мектеп өтуде. Іс-шараға профессор-оқытушылармен қатар менторлар да қатысуда. Биылғы шараның басты тақырыбы – жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру. Қысқы мектептің ашылу рәсімінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл тек біліктілікті арттыру алаңы ғана емес, сонымен қатар оқытушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін туғызатын маңызды шара екендігін атап өтті. Айта кету керек, инклюзивті білім беру саласын …

Read more
27/12/2024
Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер

Алматы қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, медицина, хронобиология, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, метрология және медицина саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дөңгелек үстел барысында халықтың денсаулығы мен психикалық жай-күйін жақсарту үшін бірыңғай уақытқа көшудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстелде Қазақстанның жетекші ғалымдары бірыңғай уақыт белдеуі және оның жаңа жүйенің ел …

Read more