22/11/2024
Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2024 жылғы 25-27 қараша аралығында аралас форматта (on-line және of-line) өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін білім бағдарламалары:  6B07203-Металлургия; 6B11301-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; 6B02304-Филология: қазақ филологиясы; 6B05302-Химия; 7M07203-Металлургия; 7М02304-Филология; 7М01105-Педагогикалық өлшемдер; 7M07102-Органикалық заттардың химиялық технологиясы;  7М01401-Музыкалық білім. Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық …

Read more
20/11/2024
Сoursera платформасында үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар марапатталды

Жұбанов университетінде 2024 жылдың жазғы маусымында Coursera платформасында бірнеше курсты сәтті аяқтаған 20-ға жуық білім алушы университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері үшін Coursera әлемдік онлайн-білім беру платформасын пайдалану мүмкіндігі ашылды. Жұбанов университеті бұл жобаға қатысқан алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің 4500-ден астам студенті 1500-ге жуық курсты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сәтті аяқтап, жалпы 5100 сертификатқа қол жеткізді. …

Read more
19/11/2024
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 23 қарашаға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 28 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 11 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді …

Read more
18/11/2024
Білім беру диалогы: университет және өңір

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жоғары және орта білім беру саласындағы білікті мамандар мен сарапшылардың қатысуымен педагог мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог алаңы өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, «Өрлеу» БАҰО» Ақтөбе филиалының директоры Нұргүл Абишева, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Гүлнара Сарсенгалиева, мектеп директорлары, білім беру мекемелерінің өкілдері, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов …

Read more
15/11/2024
Ректор студенттік көшбасшылармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова белсенді жастармен кездесті. Кездесу барысында университетті басқарудағы студенттік ұйымдар мен клубтардың жаңа рөлі жөнінде пікір алмасып, студенттердің белсенді араласуын қажет ететін проблемалар талқыланды.  Жиында белсенді жастар әртүрлі ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сапарғали Батыржан тұрақты әрі жүйелі түрде жұмыс істейтін Zhubanov talks платформасында барлық өңір жастары үшін қызықты дәрістер сериясын өткізуді ұсынып, әрі ұйымдастыру жауапкершілігін өзі алатынын айтты. Ал Еркеназ Әлібек «Tаза Қазақстан» акциясы …

Read more
13/11/2024
Облыстық прокуратура қызметкерлері жастармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысы прокуратурасының өкілдері студенттермен кездесу өткізді.  Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Ж.Какимов, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалаудың бөлім прокуроры А.Тайкаров, Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Б.Жалекешова және Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы М. Бисенов қатысты.  Жиында жастардың есірткі бизнесіне араласуының алдын алу, құқықтық білім беру және профилактикалық іс-шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар мағыналы бейнероликтер …

Read more
13/11/2024
Zhubanov university-де мультимедиялық лингафон кабинеті жабдықталды

Жұбанов университетінде мультимедиялық лингафон кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Ақтөбедегі ҚХР Бас консулдығының бірінші басшысы Го Юй, Шаньси провинциясы Люйлян қаласының «Jiu jiu Aixin» қоғамдық қауымдастығының төрағасы Чжан Аньцай бастаған делегация қатысты.  Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов университетінің Қытай жоғары оқу орындарымен әріптестігі жылдан жылға түрлі бағытта жаңа деңгейге толығып отырғанын атап өтті. Әсіресе, Конфуций институтымен байланыс терең екенін, осы әріптестіктің нәтижесінде оқу орнында студенттерге қытай тілін үйрету курстары …

Read more
13/11/2024
Жұбанов университетінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбына арналған кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Теңге және қаржылық сауаттылық: қаржылық тәуелсіздікке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы мамандары, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы полиция департаменті және ВТБ ( Қазақстан) «Батыстық» филиалының өкілдері қатысты.  Кездесу барысында спикерлер қаржылық сауаттылықты дамыту, ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу, табысты болудағы рухани құндылықтардың маңыздылығы жөнінде студенттермен сұхбаттасып, болашақ экономистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.   ҚР …

Read more
11/11/2024
Құдайберген Жұбанов тағылымы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тіл білімінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ХІ конференция өтті. 38 жасында жазықсыз жала құрба­ны болған ғалым ҚазПИ-де кафед­ра меңгерушісі, КСРО Ғы­лым академиясы Қазақ фи­лиа­лының тіл, әдебиет секторы же­­текшісі, халық ағарту комис­сариатының коллегия мүшесі және әдістемелік – авторлық оқу­лықтар секторының мең­ге­ру­шісі, Ұлт мәдениетін зерттеу институтының ғылыми кеңе­сі мүшесі және тілтану бөлі­мінің меңгерушісі, …

Read more
07/11/2024
«Халық қазынасы» байқауында Жұбановшылар бірінші орын иеленді

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымы Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп «Халық қазынасы» байқауын өткізді. Аталмыш байқауда «Жұбановшылар» командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 000 теңге көлеміндегі сертификат иеленді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Жеребе арқылы таңдалған шығарма бойынша көрініс қою, берілген тақырыпты аша отырып, бейнеролик түсіру және сұрақтарға жауап беру. Үш кезеңнен сүрінбей өткен «Жұбановшылар» командасы қарсыластарынан басымдық танытты. Ақтөбе облысына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар, …

Read more
07/11/2024
CARCEIT зерттеу тобы білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті

Жұбанов университетінде Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің CARCEIT зерттеу тобы 4-7 қараша аралығында профессор-оқытушыларға және магистранттар мен докторанттарға семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізуде. Спикерлер жоғары білім беру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.  Профессор Ахмет Айпай сандық зерттеу дизайны  және білім беру саласында зерттеу жүргізудің тиімді тұстары жайында атап өтті.  Ол сандық зерттеудің мүмкіндіктері жөнінде баяндап, сондай-ақ деректерді талдау құралдары туралы айтты. Айта кетейік, Ахмет Айпай еліміздегі …

Read more
06/11/2024
Жұбанов университетінде бизнес инкубатор бағдарламасы іске қосылды

Жұбанов университетінде қызметкерлер мен өңірлік кәсіпкерлер үшін «Инновациялық стратегиялар және академиялық ортада бизнес дағдыларын дамыту» тақырыбында бизнес инкубатор бағдарламасы жүзеге асты. Қызметкерлердің кәсіпкерлік құзыретін арттыру, бизнес өкілдерімен өзара тәжірибе алмасу арқылы қызметкерлердің қолданбалы жобаларын әзірлеуге арналған іс-шара бір апта көлемінде өткізіледі.  Спикерлер жобада өзекті жеті бағыт бойынша тәжірибесімен бөліседі. Атап айтсақ, аталған шарада күйзеліссіз бизнес, эмоциялар мен мазасыздықты басқару, бизнесті тұрақты дамыту үшін ESG өзектілігі, команда құру, EQ-эмоционалды интеллект, бизнес-консалтинг …

Read more