«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымы Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп «Халық қазынасы» байқауын өткізді. Аталмыш байқауда «Жұбановшылар» командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 000 теңге көлеміндегі сертификат иеленді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Жеребе арқылы таңдалған шығарма бойынша көрініс қою, берілген тақырыпты аша отырып, бейнеролик түсіру және сұрақтарға жауап беру. Үш кезеңнен сүрінбей өткен «Жұбановшылар» командасы қарсыластарынан басымдық танытты. Ақтөбе облысына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар, …