20/11/2024
Сoursera платформасында үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар марапатталды

Жұбанов университетінде 2024 жылдың жазғы маусымында Coursera платформасында бірнеше курсты сәтті аяқтаған 20-ға жуық білім алушы университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері үшін Coursera әлемдік онлайн-білім беру платформасын пайдалану мүмкіндігі ашылды. Жұбанов университеті бұл жобаға қатысқан алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің 4500-ден астам студенті 1500-ге жуық курсты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сәтті аяқтап, жалпы 5100 сертификатқа қол жеткізді. …

Read more
18/11/2024
Білім беру диалогы: университет және өңір

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жоғары және орта білім беру саласындағы білікті мамандар мен сарапшылардың қатысуымен педагог мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог алаңы өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, «Өрлеу» БАҰО» Ақтөбе филиалының директоры Нұргүл Абишева, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Гүлнара Сарсенгалиева, мектеп директорлары, білім беру мекемелерінің өкілдері, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов …

Read more
15/11/2024
Ректор студенттік көшбасшылармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова белсенді жастармен кездесті. Кездесу барысында университетті басқарудағы студенттік ұйымдар мен клубтардың жаңа рөлі жөнінде пікір алмасып, студенттердің белсенді араласуын қажет ететін проблемалар талқыланды.  Жиында белсенді жастар әртүрлі ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сапарғали Батыржан тұрақты әрі жүйелі түрде жұмыс істейтін Zhubanov talks платформасында барлық өңір жастары үшін қызықты дәрістер сериясын өткізуді ұсынып, әрі ұйымдастыру жауапкершілігін өзі алатынын айтты. Ал Еркеназ Әлібек «Tаза Қазақстан» акциясы …

Read more
13/11/2024
Облыстық прокуратура қызметкерлері жастармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысы прокуратурасының өкілдері студенттермен кездесу өткізді.  Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Ж.Какимов, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалаудың бөлім прокуроры А.Тайкаров, Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Б.Жалекешова және Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы М. Бисенов қатысты.  Жиында жастардың есірткі бизнесіне араласуының алдын алу, құқықтық білім беру және профилактикалық іс-шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар мағыналы бейнероликтер …

Read more
13/11/2024
Zhubanov university-де мультимедиялық лингафон кабинеті жабдықталды

Жұбанов университетінде мультимедиялық лингафон кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Ақтөбедегі ҚХР Бас консулдығының бірінші басшысы Го Юй, Шаньси провинциясы Люйлян қаласының «Jiu jiu Aixin» қоғамдық қауымдастығының төрағасы Чжан Аньцай бастаған делегация қатысты.  Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов университетінің Қытай жоғары оқу орындарымен әріптестігі жылдан жылға түрлі бағытта жаңа деңгейге толығып отырғанын атап өтті. Әсіресе, Конфуций институтымен байланыс терең екенін, осы әріптестіктің нәтижесінде оқу орнында студенттерге қытай тілін үйрету курстары …

Read more
13/11/2024
Жұбанов университетінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбына арналған кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Теңге және қаржылық сауаттылық: қаржылық тәуелсіздікке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы мамандары, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы полиция департаменті және ВТБ ( Қазақстан) «Батыстық» филиалының өкілдері қатысты.  Кездесу барысында спикерлер қаржылық сауаттылықты дамыту, ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу, табысты болудағы рухани құндылықтардың маңыздылығы жөнінде студенттермен сұхбаттасып, болашақ экономистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.   ҚР …

Read more