Жұбанов университетінде Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің CARCEIT зерттеу тобы 4-7 қараша аралығында профессор-оқытушыларға және магистранттар мен докторанттарға семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізуде. Спикерлер жоғары білім беру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Профессор Ахмет Айпай сандық зерттеу дизайны және білім беру саласында зерттеу жүргізудің тиімді тұстары жайында атап өтті. Ол сандық зерттеудің мүмкіндіктері жөнінде баяндап, сондай-ақ деректерді талдау құралдары туралы айтты. Айта кетейік, Ахмет Айпай еліміздегі …