Студенттерге сапалы қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері талқыланды
Бүгін Жұбанов университетінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен өзара тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Академиялық қызмет департаментінің директоры Сабырғали Бишекен студенттерге сапалы әрі жүйелі қызмет көрсетуді ұйымдастыру оқу орнының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.
Өз кезегінде Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері цифрлық қызметті арттыру, мобильді қосымшаларды тиімді қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ жиында әлеуметтік төлемдерге қатысты анықтамалар беру, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, «EGOV» порталы арқылы талапкерлерден құжат қабылдау және тапсыру, осы портал арқылы әскери комиссариатқа студенттердің тіркелуі, студенттерді жатақханаға онлайн тіркеу қызметтерін жетілдіру мәселелері талқыланды.м