Психолог мамандардың біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Психологиялық көмек: кім, кімге, не үшін және қанша?» тақырыбында дөңгелек үстел форматында семинар өтті.
Іс-шараға тәжірибелі психолог-мамандар, сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істейтін психологтар қатысты.
Диалог алаңында мамандар педагог-психолог-ата-ана үштігінде жұмыс, бастапқы консультацияларды жүргізу, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, психологиялық технологияларды қолдану, психолог-мамандардың біліктілігін арттыру және қоғамның психологиялық сауаттылығын көтеру тақырыптары төңірегінде талқылады. Бұдан бөлек психологтар жұмыс барысындағы мәселелерімен бөлісіп, түрлі жағдайларды қарастырды.
Іс-шараның басты мақсаттарының бірі Жұбанов университеті базасында білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін психологтар қауымдастығын құру мәселесін талқылау болатын. Сонымен қатар семинар аясында жоғары оқу орнының менторларына арналған тренинг ұйымдастырылды.