Қытай Бас консулдығының бірінші басшысы Жұбанов университетіне келді
Жұбанов университетіне жақында Ақтөбеде ашылған Қытай Бас консулдығының бірінші басшысы Го Юй және атташе Цзоу Сяолянь келіп, университет басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Жұбанов университеті мен Қытайдың білім беру ұйымдары және ғылыми орталықтары арасындағы өзара байланысты кеңейту, жергілікті Қытай компанияларымен тығыз қарым-қатынасты тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
Айта кетейік, оқу орны Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен бұрыннан тығыз ынтымақтастықта. Қазіргі таңда университет ғалымдары Қытай ғалымдарымен маңызды бірлескен ғылыми жоба негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жиында бірінші басшы Го Юй қос елдің білім беру байланыстарын нығайтуда және ғылыми бірлескен жобаларды жүзеге асыруда қолдау танытуға ниетті екенін білдірді. «Біздің консулдық білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда, кадр даярлау мәселесінде қолдау білдіруге дайын», - деді Го Юй мырза.