«Adal Urpaq» жастар форумы
25 қазан – Республика күніне орай Жұбанов университеті базасында «Adal Urpaq» жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыруға арналды.
Форумға қаламыздағы жоғары оқу орындарынан 800-ге жуық жастар қатысты.
Спикерлер Ақтөбе қалалық прокуратура басшысы Берік Қыдырәлі және Ақтөбе қаласы полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Әсет Қалиев жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған шаралар бойынша ақпарат беріп, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар шара қонағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы жастарға жат ағымдардан аулақ болу, ата дәстүрді ұлықтау, тәлім-тәрбие, отбасылық құндылықтар жайында әңгімеледі.