Студенттер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директорымен кездесті
Бүгін Жұбанов университетінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директоры, «Endowment Qazaqstan Halqyna» қамқоршылық кеңесінің төрағасы София Айсағалиевамен кездесу өтті.
Кездесуге қаламыздағы жоғары оқу орындары және Жұбанов университетінің «Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты иегерлері қатысты.
Кездесу барысында София Айсағалиева қоғамдық қор туралы айтып, грант иегерлерімен кездесудегі мақсатына тоқталды.
«Біз грант бөлуде бірінші кезекте балалардың әлеуметтік жағдайына басымдық береміз. Сондықтан грант жеңімпаздарына қосымша талаптар қойылмайды. Бұл сіздерге берілген мүмкіндікті пайдаланып, жақсы оқуға, кәсіби білім алуға серпін береді деген үміттеміз. Сіздермен жақын танысу, өмірлік ұстанымдарыңызды түсіну біз үшін маңызды»,- деді қоғамдық қор директоры.
Жиында студенттер қоғамдық қор директорына көкейде жүрген сұрақтарын қойды.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында "Endowment Qazaqstan Halqyna" корпоративтік қорының білім беру грантын Жұбанов университетінің 22 білім алушысы иеленген болатын.