Жастармен бірге өзекті мәселе талқыланды
Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «БҰҰ-әйелдер құрылымы» қолдауымен жастарға арналған «OpenSoz Lectorium» ақпараттық пікір алмасу іс-шарасы өтті.
Шараға Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы" кеңсесі басшысының м.а Дина Амришева, Ақтөбе облысы бойынша "Әкелер Одағы" басшысы Руслан Қазыбаев, гір спортынан еңбек сіңірген спорт шебері, 13 дүркін әлем чемпионы Евгений Гончаров, OpenSöz білім беру дәрісханасының негізін қалаушы Динара Бисембина спикер ретінде қатысып, жастармен ашық алаңда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдік мәдениетін ілгерілету мен гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудағы ер адамның рөлі, әділетті қоғам құру мәселесі бойынша пікір алмасты.
Университет ректоры Лаура Қарабасова қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын зорлық-зомбылықты болдырмау мәселесіне әрбір адам бей-жай қарамай, өз үлесін қосуы маңызды екенін атап өтті.
Жиын жастарға маңызды тақырыптарды талқылауға, жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.