Home page > Mass Media about us > Құдайберген Жұбанов тағылымы
4
Құдайберген Жұбанов тағылымы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тіл білімінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ХІ конференция өтті.

38 жасында жазықсыз жала құрба­ны болған ғалым ҚазПИ-де кафед­ра меңгерушісі, КСРО Ғы­лым академиясы Қазақ фи­лиа­лының тіл, әдебиет секторы же­­текшісі, халық ағарту комис­сариатының коллегия мүшесі және әдістемелік – авторлық оқу­лықтар секторының мең­ге­ру­шісі, Ұлт мәдениетін зерттеу институтының ғылыми кеңе­сі мүшесі және тілтану бөлі­мінің меңгерушісі, термин­ком төрағасы, Қазақстан орталық атқару комитетінің мүшесі қыз­метінде қыруар шаруа ат­қарды. Алаш ардақтысы жөнінде академик Шора Сарыбаев «Қа­зақ тіл білімі кадр жағынан да, жаз­ба еңбектерінің саны жағы­нан да, сапасы жағынан да, түр­кологияға қосқан үлесі жағынан да сүбелі табыстарға жетсе, оның іргетасын қаласқан Байтұрсынов пен Жұбанов тәрізді ұлы тұлға­ларға қарыздар» десе, Әб­дуә­ли Қайдар «Құдайберген Жұ­ба­нов қысқа ғұмырында бір өзі академиялық институт ат­қарарлықтай ауқымды жұмысты орындап шықты» деп баға берген. Жиында ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманалиев жеті тіл білген ғалымның қайраткерлігі насихатталмай жатқанын, оның төңкерістен кейінгі халықты сауаттандыру, мектеп ашу ісін­дегі еңбегін зерделеуді ұсы­н­ды. Осы ретте Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік уни­вер­си­тетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Са­быржан Мұхтаровтың айтары бар. «Ертеректе үлкендерден Қ.Жұбановтың ағайынды Төлеу Бәсенов пен Нәби Жақсыбаев­ты жетімдер үйіне орналастырып, кейін оларды Ленинградқа оқуға жіберіп, қаражат жіберіп тұрғанын естідім. Кейін осы жайында Құдайберген атамыз­дың жары Раушан әжеміздің естелігінен оқыдым. Төлеу мен Нәбидің өздерімен тығыз араласып тұрғанын Есет Құдай­бергенұлы да айтқан еді. Тө­леу Бәсенов – тұңғыш қазақ сәулетшісі, ал Нәби Жақсыбаев металлургия саласының білікті маманы, басшысы, Социалистік Еңбек Ері», дейді ол.

Тілдің түпнегізін зерттеуге басымдық берген

Халықаралық «Қазақ тілі» академиясының және халық­аралық түркітану орталығының президенті Ерден Қажыбек Құдайберген Жұбанов көтер­ген лингвистиканың мәселелері қазіргі күні де өзектілігін жой­мағанын атап өтті. Ғылы­ми жаңа­лықтар ерекше жыл­дамдықпен ашылып жатқан уа­қытта ұлттық әлеуетімізді сақтап қалуда ел тарихын объективті зерделеу өте маңызды. Мұның алғышартын арыстарымыз қалай бастағанда кедергілерге тап болды. Мәселен, түркі халықтары тарихын шумерлерден бастап зерттеуге ты­рысқан Нәзір Төреқұловтың еңбегі жойылып, Мұхамеджан Тынышбаевтың кітабы жоғалып кетті. «1970 жылдары Ташкент университетінің оқу залынан М.Тынышбаевтың қолтаңбасы бар кітабын көрдім. Кейін Әлкей Марғұлан осы еңбекті елге алдырды. Қазақ мемлекетінің тари­хы бір қауымның елге өкпе­леп, көшіп кеткен елеусіз оқи­ға­сынан басталмайды. Біз әлі күнге дейін сақ дәуірінен басталған көне тарихымызды білмейміз. Мыңжылдықтардан келген тұтас ілім Әл-Фараби, Баласағұни еңбектерінде, Ясауи хикметтерінде көрініс тауып, Абай мен Шәкәрімнің толық адам тұжырымдамасымен жал­ғас­ты. Құдайберген Жұбановтың көне тілдердің өзара байланысын зерттейтін ең қиын сала – полилингвистикаға көңіл бұ­руы да кездейсоқтық емес. Жеті тілді жетік білген ғалым қа­зақ ті­лінің терминологиясын қа­лыптастыруда тілдің түпнегізіне сүйену қажет деген теория ұсын­ды. Өкінішке қарай, оның «бая­листикасын» түсінетін адамдар санаулы ғана болды. Тілдің түпнегізі дегенде мына мәселені естен шығармаған жөн. Күллі түркі халықтарында екі тіл болды. Бірі – туыс халықтарға ортақ, ғылыми, кітаби, мәдени, саяси, поэзия тілі түркі, кейін шағатай тілі деп аталды. Онымен бүкіл түркі халқы хат-хабар алмасты. Екіншісі – қырғыз, ноғай, қазақ, құмық, қарашай, т.б. бөлінген туыс халықтардың өз тілі», дейді Ерден Қажыбек.

Ғұмырын математикалық лин­гвистикаға арнаған Асқар Құдайбергенұлының да еңбегі зор. Математика, музыка, лин­гвистиканы кәсіби түрде зерттеген осы әулеттің ғылымға қосқан үлестеріне жалпытүркілік дең­гей­де зерттеу жүргізілсе, текті әулеттердің қоғамды ілгері­ле­тудегі рөлін бағамдауға қоз­ғау болар еді. Осы жағынан Ақ­тө­бе өңірлік университетінде бір­не­ше жыл бұрын ашылған Жұ­ба­новтар зертханасының рөлі өте жоғары. Бұл тұлғатану бағытындағы зор қадам, дейді Ерден Қажыбек.

 

 Тектілікпен келген темір мінез

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ди­ректоры Анар Фазылжанның тіл тарихына байланысты зерт­теулер­дің кенжелеп қалғанын жасырмады. Адамның тілі мен санасы арасындағы байланысты зерттейтін психолингвис­тика саласы да тұралады, қазақ ті­лінің этимологиялық жаңа сөз­дігін даярлау да кезек күт­тірмейтін іс. «Мұның алғы­шар­тын алыңғы буын бастап кетті. Мәселен, Қ.Жұбанов «Күй» деген мақаласында күй төңі­ре­гін­дегі қаншама көне сөз­дер­дің этимологиялық анық­­­тама­сын бере отырып, жыр мен тол­­ғау, қисса-дас­тан­­дар­­­­дың ұлт­­тың рухы, жаны ­екен­­­дігін ұғын­­­дырады. Психо­лин­гвис­ти­ка­да ұлттық сана, мемле­кет, отан, туған жер ұғымдары ба­ла­­­­ның ой-санасында қалып­та­сып, өмір­­лік бағдарына айналады. Осы ұғымдарды толықтай сіңі­­­ру қазіргі жаһандану кезін­де өзектірек бола түскенін кө­ріп отырмыз. Сондай-ақ қол­дан­балы лингвистиканың негі­зін қалаған Асқар Құдайберген­ұлы Жұбановтың еңбектеріне де тереңірек үңілу керек.

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Семей қаласындағы филиал директоры, филология ғылымдары­­ның докторы Бауыржан Ердембе­ков Құдайберген Жұбановтың адами болмысына тоқталды. Губерниялық оқу бөлімінде қыз­мет еткен жылдардан бас­тап да­рынды жастардың білім алуы­на жағдай жасаған, үйінде жатқызып қаржылай көмек­тескен. ҚазПИ-де оқытушылық қызметінде де жас мамандарды ғылымға, ұстаздыққа баулыған. «Пікір қайшылықтарына байланысты Ахмет Байтұрсынұлы мен Құдайберген Жұбановтың арасына алауыздық туғызғысы келгендерге қарамастан, олар аға мен інідей сыйласты. Ах­мет Байтұрсынұлы қуғында­лып, жұ­мыстан босап қалғанда, ҚазПИ-ге жұмысқа орналасуына себепші болды. Көркем мінезді, сабырлы, аса білімді, саясатқа да белсене араласпаған, таза ғылым мен білімінің соңында жүрген Құдайберген Қуанұлы абақты­ға қамалса, әрі кеткенде Сібірге айдалса жаны аман қалар ма еді деп күйінеміз. Қылмыстық айып­тау ісімен танысқанымызда, оның атылуына қасында жүрген, студент кезінен таныс, бірге қызметтес болған екі әріптесінің арызы себеп болғанын білдік. Бұл жерде іштарлық пен көре­алмаушылықтан басқа ештеңе жоқ. Тергеу материалдарын оқып отырып, ғалымның батыл­дығына тәнті болдық. Түрлі жа­­за­лау, қинауды айтпағанда, ба­ла-шағасына зиян тигіземіз деген қысымнан соң айыпталушылар амалсыздан мойындау­ға, кешірім сұрауға мәжбүр болса, Құдайберген Қуанұлы ажал­ға қасқайып тұрып, кесімді сөзін айтқан. Аштан қырылған адам­дардың сүйегінің үстіне орнатқан социализмнің қажеті қан­ша дейді тергеушіге. Больше­виктердің қазақтарға жасап жат­қан қанқұйлы әрекеттерін тер­геушінің бетіне басу жү­рек жұт­қандық қана емес, тектілік­­пен кел­ген темір мінез. 1930-ы Абай­ға қарсы басталған ша­буылдар 1950-і жылдардың соңына дейін жалғасып, әдебиеттану ғылы­мының берекесін кетірді. Ақын мұрасын негізсіз шабуылдардан екі адам қорғаса, оның бірі – Мұхтар Әуезов, екіншісі – Құ­дайберген Қуанұлы еді. 1934 жылы жазған мақаласында Құ­дайберген ағамыз Абайдың қу­ғында жүрген Тұрағұлы жө­нін­­де атап кетеді. Осы мақа­ладан Абайды тереңірек зерттеуге қамданғанын байқаймыз. Шы­ғыс классиктері, ренессанс өкілдерін Абайдың шығар­ма­шылық болмысымен салыс­тырады. Абайдың ойшылды, шы­ғармашылық болмысының тереңдігі, тілінің шұрайлылығы жан-жақты талдана келе, Жұба­нов ұлы ақынымызға халық әдебиетінің ірі өкілі деп баға береді. Бұл жерде айтып өтетін бір мәселе – қазіргі кезде біз айтып жүргендей емес, халық ауыз әдебиеті деп емес, халық әдебиеті деп қалыптастырған», деді Бауыржан Ердембеков.

Конференцияны қорытын­ды­лай келе, Қ.Жұбанов атында­ғы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова қазіргі өзгермелі, сын-қатерге толы дүниеде студенттерімізге дұрыс бағдар беруде, олардың мемлекетшілдік ұстанымдарын қалыптастыруда және өмір­де өз орындарын табуда тұлғата­нудың маңыздығын атап өтті. «Қазақ қоғамының сапалық дамуына жақсы үлгі бола білген Жұбановтар әлі де талай ұрпақ­қа өнеге болып қалмақшы. Екінші жағынан, қазақ тілінің заманмен бірге өсіп, жаңа тілдік қолданыстармен толығуына Құ­дайберген Жұбанов көп еңбек сіңірді. Тілді үнемі өзгеріп, жаңа­рып, толығып тұратын тұтас ұлт­тың жанды ағзасы деп қарас­тырған ғалымның мұраларын  әр қырынан зерттеуді жалғастыра бермекпіз», деп қорытындылады.

Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ

Ақтөбе облысы