Home page > News > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді
4
Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2024 жылғы 25-27 қараша аралығында аралас форматта (on-line және of-line) өтеді.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін білім бағдарламалары: 

  • 6B07203-Металлургия;
  • 6B11301-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
  • 6B02304-Филология: қазақ филологиясы;
  • 6B05302-Химия;
  • 7M07203-Металлургия;
  • 7М02304-Филология;
  • 7М01105-Педагогикалық өлшемдер;
  • 7M07102-Органикалық заттардың химиялық технологиясы; 
  • 7М01401-Музыкалық білім.

Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық және шетелдік сарапшылар сараптау тобы жүзеге асырады. Комиссия төрағасы: Разинкина Елена Михайловна (педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университеті Білім беру институтының Жоғары білім берудің халықаралық бәсекегеқабілеттілік орталығының эксперті, IAAR 1-санат сарапшысы, Мәскеу, Ресей Федерациясы, оff-line қатысу). 

АРТА/IAAR координаторы: Назырова Гульфия Ривкатовна (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, университеттерді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі (Астана, Қазақстан Республикасы, оff-line қатысу). 

Сарапшылар: Ержанов Алмас Сатыбалдыевич (PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Металлургия және машина жасау факультеті деканы (Қарағанды индустриалық университеті, Қарағанды, Қазақстан Республикасы, off-line қатысу), Ергалиева Айгуль Темирболатовна (өнертану кандидаты, дәстүрлі музыка және орындаушылық өнер кафедрасының доценті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал, Қазақстан Республикасы, off-line қатысу), Каримова Гульнара Сарсемхановна (PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы, off-line қатысу), Масакбаева Софья Руслановна (химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан Республикасы, online қатысу), Surleva Andriana R. (PhD докторы, профессор, University of Chemical Technology and Metallurgy, София, Болгария, online қатысу), Тамьяров Андрей Валериевич (техника ғылымдарының кандидаты, доцент, лицензиялау, аккредиттеу және білім сапасын бақылау бөлімінің басшысы, «Ульяновск мемлекеттік техникалық университеті» ФМБЖОО өлшеу-есептеу жүйелері кафедрасының доценті, online қатысу). 

Сарапшы-жұмыс беруші: Алимбаев Саид Толегенович («Қазақстандық жүк тасымалдаушылар қауымдастығы» өзін-өзі реттеу ұйымының бәсекелестік мәселелері жөніндегі бас менеджері, Астана, Қазақстан Республикасы, online қатысу), Бурумбаев Азамат Серикович (Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы, оff-line қатысу). 

Сарапшы-студент: Краскова Арина Яковлевна (Торайғыров университеті, 6B05302-Химия ББ, 4-курс білім алушысы, Павлодар, Қазақстан Республикасы, оnline қатысу), Хамидолла Айым Боланқызы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Фортепиано» ББ, 1-курс білім алушысы, Алматы, Қазақстан Республикасы, оnline қатысу), Нурмуханова Жанерке Бахытжанкызы (Назарбаев Университеті, Шетел тілдері, лингвистика ББ, 3-курс білім алушысы, Астана, Қазақстан Республикасы, оnline қатысу), Ахмад Сандра (Азаматтық авиация академиясы, Авиациялық тасымалдау ұйымдастыру ББ, 4-курс білім алушысы, Алматы, Қазақстан Республикасы, оnline қатысу).

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.