Home page > News > Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ
4
Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ

Жұбанов университетінде "Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ" атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Мақсат Абекенов, ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жалпы заң пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Әбілова, университеттің комплаенс-қызметінің офицері Нұрлан Қаржаубаев, сондай-ақ профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қатысты мазмұнды баяндамалар тыңдалды.

Мақсат Абекенов кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жастарды заңға құрметпен қарауға бағытталған негізгі бастамаларды іске асырудағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ» облыстық фронт-офисінің төрағасы, студент Әйгерім Полатбай өз сөзінде фронт-офистің қызметі мен жетістіктеріне тоқталып, атқарылған жұмыстардың есебін ұсынды.