Home page > News > Zhubanov Quiz
4
Zhubanov Quiz

Бүгін Жұбанов университетінде көрнекті ғалым Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған «Zhubanov Quiz» интеллектуалдық ойыны өтті.

Іс-шараға университет оқытушылары, қызметкерлері және студенттері белсене қатысты. Қатысушылар ғалымның өмірі, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Ойын тек білімдерін сынау мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар, командалық жұмыс, ынтымақтастық пен сыни ойлау қабілеттерін дамыту алаңына айналды.

«Zhubanov Quiz» Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасын қайта зерделеуге, оны жаңа қырынан тануға және жастарды ғылымға баулуға бағытталған маңызды әрі әсерлі шара болды.