Home page > News > Кітапханада өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары іске қосылды
4
Кітапханада өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары іске қосылды

Жұбанов университетінің кітапханасында соңғы жылдары үлкен өзгерістер мен жетілдірулер жүзеге асты. Оқу, зерттеу және демалуға арналған заманауи кеңістіктер құрылып, кітапхананың физикалық инфрақұрылымы жаңартылды. Сонымен қатар, кітапханалық процестерді автоматтандыру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылды.

Осы ауқымды өзгерістердің бірі ретінде техникалық факультет пен бас ғимарат кітапханаларына өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Бұл терминалдардың басты ерекшелігі — оқырмандарға кітапхана қызметтерін жылдам әрі ыңғайлы пайдалану мүмкіндігін береді. Мобильді оқырман билеті арқылы оқытушылар мен студенттер кез келген кітапты өз бетінше рәсімдей алады. Бұл жүйе уақыт үнемдеуге мүмкіндік туғызып, оқырмандардың кітапханаға деген сұранысын тез әрі тиімді қанағаттандыруға жол ашады.

Алдағы уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары университеттің басқа ғимараттарындағы кітапханаларға да орнатылып, бұл жүйе толықтай барлық оқырмандар үшін қолжетімді болмақ.