27/12/2024
Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер
Алматы қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, медицина, хронобиология, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, метрология және медицина саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дөңгелек үстел барысында халықтың денсаулығы мен психикалық жай-күйін жақсарту үшін бірыңғай уақытқа көшудің маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның жетекші ғалымдары бірыңғай уақыт белдеуі және оның жаңа жүйенің ел тұрғындарының әл ауқатына әсері мәселелерін талқылады.