Басты бет > Хабарландыру > «Отбасы банк» АҚ жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасын жариялады
4
«Отбасы банк» АҚ жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасын жариялады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі және «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымы арасында жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы (Банк қаражаты есебінен) бойынша ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру үшін «Отбасы банк» АҚ аталған кредит берудің бағдарламасын жариялады.

Кредит берудің бағдарламасына Министрлікке және Ғылым комитетіне ведомстволық бағынысты және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, дәрежесі магистр деңгейінен төмен емес және тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар (40 жасты қоса алғанға дейінгі) қатыса алады.

Бағдарламаға жолдама алу үшін университеттің жас ғалымдары Персоналды басқару департаментіне жүгінеді.

Қосымша сұрақтар бойынша Ғылым және инновация департаментіне жолығасыздар.

https://hcsbk.kz/affordable-housing/programma-dlya-molodykh-uchenykh/