
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды
Халықаралық ынтымақтастық департаменті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2025-2026 оқу жылының I жартыжылдығына грант бойынша, ақылы негізде оқитын бакалавриат (2, 3 курс) және магистратура (2, 3 семестр) білім алушыларына оқуға құжаттарды жинау басталғанын хабарлайды.
Университет есебінен қаржыландыруға үміткер ретінде конкурсқа грант бойынша оқитын білім алушылар да, ақылы негізде оқитын білім алушылар да бірдей қатыса алады. Білім алушылардың оқу үлгерімі GPA 3.00-ден төмен болмауы тиіс.
Құжаттар 2025 жылдың 17 наурызына дейін қабылданады.