
Жас ғалымдарды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз!
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2025 жылдың 14-15 сәуірінде жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XХI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақала 2025 жылдың 05 сәуіріне дейін қабылданады. 1. Конференцияға қатысу туралы өтініш (формасы қоса беріледі); 2. Баяндаманың тезистері (мақала). Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағында жарияланады. Мақала мазмұны автордың жауапкершілігінде. Мақалалар автормен толығымен тексерілуі керек. Жинақ электронды түрде ұсынылады.