Басты бет > Хабарландыру > Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер қабылданады
4
Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер қабылданады

Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 01.04.2025ж. – 25.04.2025ж. аралығында SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қабылданады.

Ол үшін сізге қажет:

  • SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу;
  • ҚОНАҚ рөлінде тіркелу;
  • СҚКО кіру;
  • ҚА тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау таңдау;
  • көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және жіберу;
  • өтінішті негізгі мәзірден «менің өтініштерімнен» бақылай аласыз.

Қажетті  құжаттар  тізімі:

1. Жеке куәліктің көшірмесі;

2. Ф-№ 075У   үлгідегі  медициналық  анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы  куәландырылған);

3. Қорытынды аттестаттау кредитінің ақысы төленген түбіртек (бакалавриат үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша 1 кредит  – 12720тг, басқа салалар бойынша 1 кредит – 9900тг, магистратура үшін 1 кредит – 11000тг.).

Сұрақтар бойынша көрсетілген нөмерлерге хабарласуыңызға болады: 8 (7132) 562896, 8 708 471 6548