20/03/2025
Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында ашық дәріс өтті

 Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында Dr. Fabio Graziosoның "Суреттерді сегментациялау үшін терең оқыту модельдері" тақырыбындағы дәрісі өтті. Дәріс барысында Dr. Grazioso терең оқытуды бейнемазмұнды өңдеуде қолдану саласындағы зерттеулерімен бөлісті, соның ішінде сегментацияға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта ол Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастырып, компьютерлік инженерия бойынша курстар өткізуде. Ашық дәріс кезінде қатысушылар профессорға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Ары қарай оқу
20/03/2025
QAZ IQ BATTLE зияткерлік сайысы

Бүгін Жұбанов университетінде «QAZ IQ Battle» қазақ мәдениеті мен этнографиясына арналған зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты  қазақ халқының бай рухани мұрасын, салт-дәстүрін, тілдік және этнографиялық ерекшеліктерін терең зерттеу, қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыруға арналды. Зияткерлік сайысқа факультеттердің профессор-оқытушылары мен студенттерінен құралған 8 команда қатысып, қазақтың дәстүрлі мәдениетіне, этнографиясына, мифологиясына және тарихи тұлғаларына қатысты күрделі сұрақтарға жауап берді. Сайыс үш турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар қазақтың …

Ары қарай оқу
19/03/2025
Кәсіби бағдар берудің тиімді әдістемелері талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе қаласы мен облыс мектептерінен келген кәсіби бағдар беруші мамандарға арналған «Кәсіби бағдар берудің тиімді әдістемелері: заманауи трендтер мен лайфхактар» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында спикерлер кәсіби бағдар беру саласындағы заманауи әдістемелер мен технологияларды таныстырып, тиімді практикалық лайфхактармен бөлісті. Қатысушылар кәсіби бағдар берудің өзекті трендтері мен инновациялық тәсілдеріне қатысты жаңа мәліметтер алды. Сонымен қатар оқушыларға дұрыс кәсіби бағдар беруде бірлесе атқаратын жұмыстың маңыздылығы талқыланды. Спикерлерге қатысушылар сұрақтар …

Ары қарай оқу
19/03/2025
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ақтөбе облысына іс-сапары аясында Жұбанов университетінде жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесінің әрбір азамат үшін маңызды екенін және оның қоғамдағы демократиялық процестерге қосатын үлесін атап өтті. Төраға жастарды өз дауыстарын дұрыс пайдалану арқылы еліміздің болашағын қалыптастыруда белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы кеңінен сөз қозғап, жастарды қоғамдық өмірге қатысуға ынталандырды. Нұрлан Әбдіров жастардың сұрақтарына жауап …

Ары қарай оқу
14/03/2025
Профессор Қуанышбек Шүңкеев Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы болып тағайындалды

Бүгін Жұбанов университетінің профессоры Қуанышбек Шүңкеев жаратылыстану ғылымдары саласындағы «Елдің интеллектуалдық әлеуеті» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы болып тағайындалды. Қуанышбек Шүңкеев – радиациялық материалдар физикасы саласының мойындалған сарапшысы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білімнің дамуына баға жетпес үлес қосып келе жатқан ғалым. Оның көпжылдық еңбегі университеттегі көптеген ғылыми жетістіктер мен білім беру бастамаларының негізіне айналды. Оның тікелей жетекшілігімен 12 жас ғалым физика-математика ғылымдарының кандидаты және PhD дәрежесін алды. …

Ары қарай оқу
14/03/2025
Жұбанов университетінде жұмыс жиыны өтті

Бүгін Жұбанов университетінде ректор Лаура Қарабасованың төрағалығымен жұмыс жиыны өтті. Жиынға университеттің басқарма мүшелері, факультет декандары, құрылым басшылары мен кафедра меңгерушілері қатысты. Жұмыс жиынында университеттің алдағы жоспарлары мен бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Алдымен жоспарланған ғимарат құрылыстары, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылды. Ректор құрылыс пен жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары мен сапа стандарттарына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, жұмыстардың уақытында және тиімді орындалуын қамтамасыз ету маңыздылығы …

Ары қарай оқу
11/03/2025
Мемлекеттік білім беру грантын міндетті түрде өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті

Бүгін Жұбанов университетінде жас мамандар мен философия докторлары (PhD) үшін жұмыс өтеу міндеттемелері туралы ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. «Қаржы орталығы» АҚ-ның аға маманы Ақзира Серікқали 2025 жылы жоғары оқу орнын бітіретін түлектерге мемлекеттік білім беру грантын міндетті түрде өтеу мәселелері жөнінде баяндады. Ақзира Серікқали жас мамандарға үш жылдық және мөлшерлік грант өтеу міндеттемелері мен осыған қатысты жауапкершіліктері туралы ақпарат беріп, грантты өтеу барысында қойылатын талаптар мен міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, «Қаржы …

Ары қарай оқу
07/03/2025
Әлеуметтанушы Эльмира Отар тәжірибесімен бөлісті

Әлеуметтанушы, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Эльмира Отар Жұбанов университетінде дәріс өткізді. Ғалым оқытушылар мен студенттерге әйелдердің этникалық қауымдастықта бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі туралы жүргізген зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Эльмира Отар баяндамасында әйелдердің этникалық бірегейлікті сақтау және дамытудағы маңызды функцияларына тоқталып, этникалық топтардың әлеуметтік құрылымындағы әйелдердің рөліне ерекше назар аударды. Ол әйелдердің этникалық қауымдастықта ұлты мен мәдениетін сақтаудағы және жаңартудағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, әйелдер қауымдастығының ішіндегі бірегейлік қалыптастырудың түрлі …

Ары қарай оқу
07/03/2025
Zhubanov university ғалымы академик Н.Базанова атындағы марапатқа ие болды

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған академик Н. Базанова атындағы марапатты табыстау рәсімі өтті. Бұл марапатқа отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып, әртүрлі ғылым салаларында үздік нәтижелер көрсеткен 48 ғалым ие болды. Марапатталғандар арасында Жұбанов университетінің «Математика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мәдина Тлеубергенова да бар. Айта кетейік, академик Найля Оразғұлқызы Базанова – Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш әйел-академик, көрнекті …

Ары қарай оқу
06/03/2025
Жұбанов университеті академиялық адалдықты дамыту тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінде «Академиялық адалдық лигасы аясында Жұбанов университетінің тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.  Семинар барысында академиялық адалдықты дамыту,  университеттің трансформациясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тәжірибесі және академиялық адалдықтың білім беру жүйесіндегі маңыздылығы талқыланды. Ғылыми жиында Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұргүл Маханбаева академиялық адалдықты барлық білім беру деңгейлерінде дамыту жолдары туралы айтты. Ал академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова Жұбанов университетінің академиялық адалдық қағидаттарына негізделген сапалы білімге көшу тәжірибесі мен …

Ары қарай оқу
06/03/2025
Жұбанов университеті Әзербайжан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын нығайтты

Жұбанов университетінің басшылығы Баку қаласына іс-сапары барысында Қазақстан-Әзербайжан ЖОО ректорларының дөңгелек үстеліне және «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесіне қатысты. Сонымен қатар Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындары басшыларымен кездесіп, бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді. Дөңгелек үстел барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әзербайжан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясымен ғылыми басылымдардың бірлескен тізімін бекіту туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова Әзербайжанның жетекші …

Ары қарай оқу
06/03/2025
"Ғылымға қадам" жобасы бастау алды

Жұбанов университетінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ғылымдағы әйелдерді қолдауға арналған «Ғылымға қадам» жобасы бастау алды. Бұл жоба әйелдердің академиялық мансабын қайта бастауына және ғылыми салада өз орнын табуына көмек көрсетуге бағытталған. Жобаның ашылу рәсімінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова ғылым жолындағы тәлімгерлік пен отбасылық қолдаудың маңыздылығына тоқталып, жобаға қатысушыларға сәттілік тіледі.  Спикерлер педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Айгүлден Тоғайбаева, аға оқытушы, білім беру саласы бойынша философия докторы …

Ары қарай оқу