20/03/2025
Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында ашық дәріс өтті

 Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында Dr. Fabio Graziosoның "Суреттерді сегментациялау үшін терең оқыту модельдері" тақырыбындағы дәрісі өтті. Дәріс барысында Dr. Grazioso терең оқытуды бейнемазмұнды өңдеуде қолдану саласындағы зерттеулерімен бөлісті, соның ішінде сегментацияға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта ол Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастырып, компьютерлік инженерия бойынша курстар өткізуде. Ашық дәріс кезінде қатысушылар профессорға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Ары қарай оқу
06/03/2025
Жұбанов университеті Әзербайжан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын нығайтты

Жұбанов университетінің басшылығы Баку қаласына іс-сапары барысында Қазақстан-Әзербайжан ЖОО ректорларының дөңгелек үстеліне және «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесіне қатысты. Сонымен қатар Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындары басшыларымен кездесіп, бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді. Дөңгелек үстел барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әзербайжан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясымен ғылыми басылымдардың бірлескен тізімін бекіту туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова Әзербайжанның жетекші …

Ары қарай оқу
04/03/2025
Жұбанов университеті мен Әзербайжан Археология институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

3 наурызда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Археология, этнография және антропология институты арасында кездесу өтті. Іс-шараға университет ректоры Лаура Қарабасова, институт директоры Фархад Гулиев және директордың орынбасары Заур Гасанов қатысты.  Кездесу барысында тараптар  жоғары оқу орындары арасындағы болашақ серіктестік мүмкіндіктерін талқылады. Жұбанов университетінің тарих факультетінде ашылған Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызды. Жоспарлар қатарында докторанттар мен магистранттарға арналған …

Ары қарай оқу
24/02/2025
Жұбанов университетінің ғалымдары Ұлы Каземир университеті профессорымен бірлескен эксперимент жасады

Польшадағы Быдгощ қаласы Ұлы Казимир университетінің Оптоэлектрондық материалдар кафедрасының меңгерушісі, dr hab, профессор Юрий Зоренко Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне келіп, оқу орнының ғалымдарымен бірге эксперименттік жұмыстар жүргізді. Профессор «Материалдардың Радиациялық физикасы» ғылыми орталығының жетекшісі Қуанышбек Шүңкеевтің «Иондық кристалдардың люминесценция шығымын бөлме температурасында арттыруының іргелі механизмдерін эксперименттік зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында жұмыс жасауда. Сонымен қатар білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында шетелдік ғалымдарды шақыру жоспарына сәйкес «Физика» білім …

Ары қарай оқу
20/02/2025
Өзбекстан Республикасының Бас консулы жастармен кездесті

Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримов Жұбанов университетінде білім алып жатқан өзбек жастарымен кездесіп, мәдениет пен білім саласындағы маңызды мәселелерді талқылады. Бас консул университет басшылығына алғысын білдіріп, студенттердің жоғары деңгейде білім мен тәрбие алуына тілектестік білдірді. Кездесу барысында өзбек халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Алишер Навоидың 584 жылдығы мен әлемге әйгілі жазушы және қолбасшы Захириддин Мұхаммед Бабырдың 542 жылдығы жайында айтылып, тұлғалардың тарихи мұралары мен қазақ-өзбек мәдениетінің ортақ …

Ары қарай оқу
05/02/2025
Абердин университетінің студенті Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусын таңдады

Алишер Сабиров — Heriot-Watt университетінің 2 курс студенті. Бұған дейін Шотландиядағы Абердин университетінде үш жыл білім алған Алишер осы семестрде Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына ауысу туралы шешім қабылдаған. «Менің туған жерім — Ақтөбе қаласы. Халықаралық деңгейде білім алсам деген арманыммен Шотландиядағы Абердин университетіне оқуға түстім. Кейін өз қаламда шетелдік жетекші университеттердің бірі — Heriot-Watt университетінің кампусы ашылғанын естідім. Бұл өз еліңде отырып, халықаралық деңгейде білім алғысы келетін жастарға тамаша мүмкіндік. …

Ары қарай оқу