Көрерменге қайтадан жол тартқан қазақ телевизиясының үздік жобаларының бірі - «Хабар» арнасының «Азамат» бағдарламасына Жұбанов университетінің үздік пікірсайысшылары қатысады. «Заман біздікі» студенттік дебат клубының мүшелері, экономика және құқық факультетінің студенттері Батыржан Сапарғали және Асхат Есенов республикалық және облыстық турнирлерде үздік ойын көрсетіп, жүлделі орын иеленіп жүрген үздік пікірсайысшылар. Бағдарламаның жаңа маусымы 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді. Бұл маусымға Қазақстанның 100 жоғары оқу орны арасынан пікірсайыс клубтары белсенді жұмыс …