Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдамадан өтуге өтініштер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 турдан тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер тек 2 негізгі құжатты – «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген шетелдік жоғары оқу орнынан шақыру …