Heriot-Watt University Ақтөбе кампусы BETT 2025 халықаралық көрмесіне қатысуда
Heriot-Watt University Ақтөбе кампусы білім беру технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі – BETT 2025 көрмесіне қатысуда. Көрме Ұлыбританияның Лондон қаласындағы ExCeL көрме орталығында өтіп жатыр.
BETT Show (British Education Training and Technology Show) – білім беру саласындағы ең беделді және ауқымды іс-шаралардың бірі. Жыл сайын көрмеге әлемнің 130-дан астам елінен 30 мыңға жуық маман қатысып, инновациялармен танысып, тәжірибе алмасады. Көрме білім беру мекемелерін, EdTech компанияларын, университеттерді, мектептерді және білім беру шешімдерін жасаушыларды бір алаңға жинайды.
Биыл BETT 2025 көрмесінде қазақстандық университеттер алғаш рет өздерінің өңірлік академиялық хаб ретіндегі мүмкіндіктерін таныстыруда. Көрме барысында білім беру мазмұнын жетілдіру және цифрлық құралдарды қолдану бойынша жаңа келісімдерге қол қойылады, академиялық және ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылады. Сондай-ақ заманауи EdTech шешімдері ұсынылатын форумдар мен конференциялар өтеді деп жоспарлануда.
BETT 2025 көрмесі 24 қаңтарға дейін жалғасады.