
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Эдинбургтегі Heriot-Watt университетіне барды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен серіктес Хериот-Уотт университетіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында министр университеттің басшылығымен, оның ішінде вице-канцлер Ричард Уильямс және қауымдастырылған провост Марк Бигспен кездесіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар Саясат Нұрбек Хериот-Уотт университеті мен Ұлыбритания үкіметінің бірлескен жобасы болып табылатын Ұлттық Роботариумды аралап көрді. Бұл жоба робототехника саласындағы заманауи жетістіктерді көрсетеді.
Сапар барысында министр «Go Global» академиялық алмасу бағдарламасы аясында Эдинбургке келген студенттермен де кездесті.