Басты бет > Білім > Теориядан практикаға: «Ландшафттық жобалау» мамандығының студенттері «Қоныс» СК маңындағы саябақтың балама жобасын жасады
4
Теориядан практикаға: «Ландшафттық жобалау» мамандығының студенттері «Қоныс» СК маңындағы саябақтың балама жобасын жасады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Ландшафттық жобалау» мамандығының студенттері ландшафттық дизайн бағытында білім алып, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыруға ерекше мүмкіндік алды. Тәжірибелі маман, ландшафттық дизайнер Вадим Маркевичтің жетекшілігімен олар қала ортасын, саябақтар мен жасыл аумақтарды жобалаудың негіздерін ғана емес, сонымен қатар кәсіби жобалар жасау үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларды меңгерді.

Оқу процесінде студенттер қала мен табиғи ландшафттардың функционалдық, эстетикалық тартымдылығы мен өзгеріп отыратын жағдайларға төзімділігін дамытатын дағдыларды үйренді. Олар алған білімдерін «Қоныс» спорт кешені маңындағы саябақтың балама жобасын жасау кезінде қолданды.  Бұл жобада аумақтың көрінісін жақсартуға, қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған инновациялық шешімдер ұсынылды.

Саябақтың баламасын жобалау студенттерге алған теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін көрсетті. Сонымен қатар, олар экологиялық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, жергілікті тұрғындар мен қала билігінің талаптарына сәйкес жобалар дайындады. Жұмыс барысында студенттер заманауи бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, әрбір жобаның егжей-тегжейін мұқият өңдеуге және оны 3D визуализациясында ұсынуға мүмкіндік алды. 

Бұл практика студенттердің білімдерін тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар ландшафттық жобалау саласындағы болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуына ықпал етті.