Басты бет > Жаңалықтар > Аймақтық Модельді біріккен ұлттар ұйымы конференциясы
4
Аймақтық Модельді біріккен ұлттар ұйымы конференциясы

9 ақпан күні Жұбанов университетінде AKXMUN — Назарбаев зияткерлік мектебі Ақтөбе Model United Nations клубы және ZHMUN — Жұбанов университетінің MUN клубы бірлесіп Аймақтық Модельді біріккен ұлттар ұйымы конференциясын өткізді. 

Бұл шараға Ақтөбе қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарынан 106 делегат қатысты. Қатысушылар арасында Назарбаев зияткерлік мектебі Ақтөбе филиалы, Ақтөбе лицейі, Smart Bilim,№125 мектеп, School QazGUU, Білім-Инновация лицейі, Жұбанов университеті, Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусы, №45 мектеп, №72 мектеп, AIS Aqbobek, № 64 мектеп, №63 мектеп, №78 мектеп және BIL Шымкент оқу орындары бар.
Конференцияға қатысушылар төрт негізгі комитетте жұмыс істеді: UNGA (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы), UNICEF (ЮНИСЕФ), UNHRC (Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі) және UNESCO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы). 

Әрбір комитетте делегаттар күрделі және өзекті халықаралық мәселелерді талқылап, келіссөздер жүргізіп, шешімдер мен резолюция жобаларын ұсынды. Бұл кезеңде делегаттар өздерінің дипломатиялық дағдыларын шыңдап, командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерін көрсетті.Конференцияда ресми пікірталастармен шектеліп қалмай, делегаттар бір-бірімен танысып, өзара пікір алмасты. Бұл студенттерге тек халықаралық қатынастар мен саясат туралы ғана емес, сондай-ақ өздерінің жеке дамуымен айналысуға, жаңа достар табуға, әртүрлі мәдениеттерді танып-білуге мүмкіндік берді.