Басты бет > Жаңалықтар > Анна Гниденко университет қызметкерлеріне ішкі ресурстарды тиімді басқарудың әдістерін ұсынды
4
Анна Гниденко университет қызметкерлеріне ішкі ресурстарды тиімді басқарудың әдістерін ұсынды

Жұбанов университетінде «Денсаулық және салауаттылық» орталығының жетекшісі Анна Гниденко қызметкерлерге «Ресурстық жағдай: энергия мен мотивацияны қалай сақтауға болады» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл шара оқу орнының қызметкерлерінің кәсіби және жеке өмірінде маңызды рөл атқаратын энергия мен мотивацияны тиімді басқаруға бағытталды.

Тренинг барысында Анна Гниденко қатысушыларға ресурстық жағдайдың маңыздылығын түсіндіріп, тұлғалық өсу мен кәсіби жетістіктерге жету үшін қажетті ішкі ресурстарды сақтау әдістері мен тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, стресстік жағдайлармен жұмыс істеу, энергия деңгейін көтеру және мотивацияны арттыру жолдары да қамтылды. Шара барысында қатысушылар спикерден арнайы кеңестер мен ұсыныстар алды.