Басты бет > Жаңалықтар > Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапханада букроссинг шарасы өтті
4
Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапханада букроссинг шарасы өтті

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Жұбанов университетінің кітапханасында ерекше букроссинг шарасы ұйымдастырылды. Бұл күні оқырман қауым кітапхананың қолжетімді кітап қорынан өздеріне ұнаған кітапты таңдап алып, орнына басқа бір кітап қалдыру мүмкіндігіне ие болды.

Букроссинг шарасы кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін дамыту мақсатында өтті. Бұл бастама оқу мен білім алуға деген ынтаны күшейтіп, әркімнің өзіне жаңа білім мен қызықты әдебиет табуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар шара барысында кітапхана ішінде мотивациялық сөздер жазылған қорапшалар да қойылды. Бұл сөздер оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығын еске салып, ынталандыруға бағытталды.

Халықаралық кітап сыйлау күні — кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, әдебиет әлемімен танысу және өзара кітап алмасу арқылы қоғамда білім мен мәдениет деңгейін көтеру мақсатында маңызды шара болып табылады.