
Менталды денсаулықтың құпияларына арналған шеберлік сабағы өтті
«Жан саулығы» апталығы аясында менталды денсаулықты сақтауға арналған шеберлік сабағы өтті. Сабақтың спикері өзін-өзі қорғау бойынша жаттықтырушы әрі Academy boxing club клубының жетекшісі Айнұр Когай студенттерге менталды денсаулықты нығайту жолдары туралы айтып, тыңдаушыларға «Mindfulness» техникасының тиімділігін түсіндірді.
Шеберлік сабағында қатысушылар өз эмоцияларымен жұмыс істеп, қазіргі сәтке толықтай назар аударуды үйренді. Айнұр Когай күнделікті өмірде стрессті жеңу және менталды тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, эмоцияларды бақылаудың әдістерін көрсетіп өтті. Сонымен қатар ол өзін-өзі қорғау үшін тек физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыда да дайын болу қажет екенін атап өтті.
Бұл шеберлік сабағы студенттер үшін маңызды тәжірибе болды. Іс-шара жастарға менталды денсаулықты сақтаудың күнделікті өмірде қалай қолданылатынын нақты түсінуге мүмкіндік берді.