
Өзбекстан Республикасының Бас консулы жастармен кездесті
Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримов Жұбанов университетінде білім алып жатқан өзбек жастарымен кездесіп, мәдениет пен білім саласындағы маңызды мәселелерді талқылады. Бас консул университет басшылығына алғысын білдіріп, студенттердің жоғары деңгейде білім мен тәрбие алуына тілектестік білдірді.
Кездесу барысында өзбек халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Алишер Навоидың 584 жылдығы мен әлемге әйгілі жазушы және қолбасшы Захириддин Мұхаммед Бабырдың 542 жылдығы жайында айтылып, тұлғалардың тарихи мұралары мен қазақ-өзбек мәдениетінің ортақ байланыстары туралы сөз болды.
Сонымен қатар, мәдени шараларды ұйымдастыру үшін университеттегі белсенді жастарды тарту және жастар арасындағы мәдени-шығармашылық байланысты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу мәселесі қарастырылды. Жамолиддинхужа Абдукаримов өз сөзінде жастардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, олардың мәдениет пен білім саласында белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.