
Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өтті
Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының базасында талапкерлерге арналған ағылшын тілі бойынша тегін емтихан өтті. Қатысушылар тест тапсырып қана қоймай, кампус оқытушыларынан түсіндірме мен ұсыныстар алды.
Айта кетейік, әр айдың соңғы сенбісінде талапкер өз білімін тексеріп, оқуға түсуге дайындалу мүмкіндігіне ие бола алады. Heriot-Watt University кампусына түсу үшін ағылшын тілі емтиханын сәтті тапсыру – міндетті шарт.
Келесі емтихан 29 наурызда өтеді. Халықаралық университеттің студенті атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Тіркелу және толық ақпарат: +7 747 518 35 83