
Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары марапатталды
Алматы қаласында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік ғылыми қызметкер» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар қатарында Жұбанов университетінің жеті ғалымы марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының доценті, техникалық ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор Өтеген Сариев, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының доценті, PhD Дәурен Есенгалиев, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор, PhD Ербол Шабанов, «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Избасарова және Dr. Rer. Nat Бекдаулет Шукиргалиев иеленген болатын.
«Үздік ғылыми қызметкер» атағына филология ғылымдарының докторы, профессор, «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының профессоры Кулзат Садирова және филология ғылымдарының докторы, профессор, «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының профессоры Сабира Исакова ие болды.
Жеңімпаз профессор-оқытушыларымызды құттықтаймыз!