Басты бет > Құттықтаймыз > Zhubanov university ғалымы академик Н.Базанова атындағы марапатқа ие болды
4
Zhubanov university ғалымы академик Н.Базанова атындағы марапатқа ие болды

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған академик Н. Базанова атындағы марапатты табыстау рәсімі өтті.

Бұл марапатқа отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып, әртүрлі ғылым салаларында үздік нәтижелер көрсеткен 48 ғалым ие болды. Марапатталғандар арасында Жұбанов университетінің «Математика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мәдина Тлеубергенова да бар.

Айта кетейік, академик Найля Оразғұлқызы Базанова – Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш әйел-академик, көрнекті физиолог және қоғам қайраткері. Ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Жұбанов университетінің ғалымын жетістігімен құттықтаймыз!