
Әлеуметтанушы Эльмира Отар тәжірибесімен бөлісті
Әлеуметтанушы, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Эльмира Отар Жұбанов университетінде дәріс өткізді. Ғалым оқытушылар мен студенттерге әйелдердің этникалық қауымдастықта бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі туралы жүргізген зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Эльмира Отар баяндамасында әйелдердің этникалық бірегейлікті сақтау және дамытудағы маңызды функцияларына тоқталып, этникалық топтардың әлеуметтік құрылымындағы әйелдердің рөліне ерекше назар аударды. Ол әйелдердің этникалық қауымдастықта ұлты мен мәдениетін сақтаудағы және жаңартудағы маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, әйелдер қауымдастығының ішіндегі бірегейлік қалыптастырудың түрлі аспектілеріне тоқталып, дәстүрлерді сақтау, ана тілін қолдану, өз этникалық топтарының тарихын білу, мәдени және әлеуметтік практикалар, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігі жайында талқылады.
Дәрістің соңында оқытушылар мен студенттер өз пікірлерін білдіріп, Эльмира Отардың зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарына қатысты сұрақтар қойды.