
Мемлекеттік білім беру грантын міндетті түрде өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті
Бүгін Жұбанов университетінде жас мамандар мен философия докторлары (PhD) үшін жұмыс өтеу міндеттемелері туралы ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
«Қаржы орталығы» АҚ-ның аға маманы Ақзира Серікқали 2025 жылы жоғары оқу орнын бітіретін түлектерге мемлекеттік білім беру грантын міндетті түрде өтеу мәселелері жөнінде баяндады.
Ақзира Серікқали жас мамандарға үш жылдық және мөлшерлік грант өтеу міндеттемелері мен осыған қатысты жауапкершіліктері туралы ақпарат беріп, грантты өтеу барысында қойылатын талаптар мен міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, «Қаржы орталығы» тарапынан жүргізілетін іс-шаралар бойынша да түсінік берді.
«2025 жылы бітіретін түлектер үшін Қаржы орталығы 1414 СМС хабарлама арқылы жеке деректеріңізге қатысты келісім жинау жұмыстарын бастайды. Кері байланыс беру сұралады. Егер келісімін бермеген жағдайда грант өтемі жайлы құжаттарды жас маман "Қаржы орталығына" өздері тапсырады», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар ол мемлекеттік тапсырыс бойынша жас мамандарға жүктелген гранттың санаты, мемлекеттік грант бойынша оқуға кеткен шығындардың жағдайы мен өзектілігі, сондай-ақ өтеу бойынша қалған күндер туралы ақпарат Еgov мобильдік қосымшасында өтеушінің жеке кабинетінде хабарландыру ретінде түсетінін айтты.
Шара барысында қатысушылар мемлекеттік грантты өтеуге қатысты маңызды ақпараттар алып, Ақзира Серікқалиға өздерін толғандырған барлық сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.