
Жұбанов университетінде жұмыс жиыны өтті
Бүгін Жұбанов университетінде ректор Лаура Қарабасованың төрағалығымен жұмыс жиыны өтті. Жиынға университеттің басқарма мүшелері, факультет декандары, құрылым басшылары мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Жұмыс жиынында университеттің алдағы жоспарлары мен бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Алдымен жоспарланған ғимарат құрылыстары, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылды. Ректор құрылыс пен жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары мен сапа стандарттарына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, жұмыстардың уақытында және тиімді орындалуын қамтамасыз ету маңыздылығы сөз болды.
Келесі кезекте аралық бақылаудың нәтижелері қаралды. Университеттің оқу процесі мен студенттердің академиялық көрсеткіштері талданып, оқу сапасын арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар «Ғылым айы» аясында өткізілетін іс-шараларға дайындық мәселелері де кеңінен талқыланды. Ғылымды дамыту және университеттің ғылыми қызметін күшейту бойынша ұсыныстар тыңдалып, арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, жаңа жобалар белгіленді.
Жиын қорытындысында Ректор университет ұжымына алдағы жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар беріп, барлық шараларды тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге асыруды тапсырды.