Басты бет > Жаңалықтар > ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жастармен кездесті
4
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ақтөбе облысына іс-сапары аясында Жұбанов университетінде жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесінің әрбір азамат үшін маңызды екенін және оның қоғамдағы демократиялық процестерге қосатын үлесін атап өтті. Төраға жастарды өз дауыстарын дұрыс пайдалану арқылы еліміздің болашағын қалыптастыруда белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы кеңінен сөз қозғап, жастарды қоғамдық өмірге қатысуға ынталандырды.

Нұрлан Әбдіров жастардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау процесінің барлық кезеңдерін түсіндірді. Ол сайлауға қатысу әрбір азаматтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның азаматтық борышы екенін айтты. Сондай-ақ, жастардың қоғамдағы рөлі мен саяси процестерге белсене қатысуы мемлекетіміздің дамуына оң әсерін тигізетініне тоқталды.

Бұл кездесу жастарға сайлау жүйесінің негізгі тұстарын түсінуге, олардың құқықтары мен міндеттері жайлы толық ақпарат алуға және азаматтық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік берді.