
Кәсіби бағдар берудің тиімді әдістемелері талқыланды
Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе қаласы мен облыс мектептерінен келген кәсіби бағдар беруші мамандарға арналған «Кәсіби бағдар берудің тиімді әдістемелері: заманауи трендтер мен лайфхактар» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында спикерлер кәсіби бағдар беру саласындағы заманауи әдістемелер мен технологияларды таныстырып, тиімді практикалық лайфхактармен бөлісті. Қатысушылар кәсіби бағдар берудің өзекті трендтері мен инновациялық тәсілдеріне қатысты жаңа мәліметтер алды. Сонымен қатар оқушыларға дұрыс кәсіби бағдар беруде бірлесе атқаратын жұмыстың маңыздылығы талқыланды.
Спикерлерге қатысушылар сұрақтар қойып, олардың кеңестері мен ұсыныстарын тыңдады, бұл өз кезегінде мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етті.