Мұғалімдер «АМАНАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылады
«АМАНАТ» партиясы қалалық филиалы «Құрмет» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: «АМАНАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылау, қалалық партия конференциясына қатысу үшін Құрмет бастауыш партия ұйымынан делегаттарды сайлау.
«Құрмет» БПҰ құрамына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларынан 640 партия мүшесі кіреді.
Жаңа саяси тұғырнама жобасын талқылау барысында Қ.Жұбанов атындағы АРУ ректорының көмекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров қатысушылардың назарын жобаның негізгі ерекшеліктеріне аударды.
Оны талқылау барлық деңгейде – қатардағы партия мүшесінен бастап орталық аппаратқа дейін жүргізілгенін айта кеткен жөн. Баяндамашы жиналғандардың назарын басты аспектіге – еліміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға аударды.
«Әрбір қазақстандық өзінің тәуелсіз және саяси тұрақты мемлекетте өмір сүріп жатқанын бағалай білуі және елдегі тәртіпті сақтауы керек», - деді ол.
Пікірталас барысында қатысушылар жобаны қолдап, оның түрлі блоктары бойынша пікірлерімен бөлісті. Оларға «Берекелі отбасы», «Білімді қоғам», «Дені сау ұлт», «Әрқашан және бәрінде әділеттілік» және т.б бөлімдер кіреді.
Жиын соңында ТжКБ ұйымдары мен жоғары оқу орындарынан жеті үміткер қалалық конференцияға қатысуға бірауыздан сайланды.