Басты бет > Жаңалықтар > Республика күніне орай эссе жазу байқауы жарияланды
4
Республика күніне орай эссе жазу байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай эссе байқауын бастады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын бастады.

Байқау 2022 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады және екі кезеңде өтеді және жастардың азаматтық санасын дамытуға, ел тағдырына араласу, оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағына деген көзқарасы мен үмітін және оның болашақты құруға қатысуын көрсететін жеке орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Эсселер 2022 жылдың 15 қазанын қоса алғанда Конкурсқа қатысушы оқитын жоғары оқу орнының электрондық мекенжайына жіберіледі. Байқау туралы толық ақпарат жоғары оқу орнының сайтында орналастырылған.

Байқау жұмысы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау рәсімі жоғары оқу орындарында 2022 жылдың 19 қазанында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау рәсімі Астанада өтеді.