Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбына арналған кездесу өтті
4
Жұбанов университетінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбына арналған кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Теңге және қаржылық сауаттылық: қаржылық тәуелсіздікке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы мамандары, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы полиция департаменті және ВТБ ( Қазақстан) «Батыстық» филиалының өкілдері қатысты. 

Кездесу барысында спикерлер қаржылық сауаттылықты дамыту, ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу, табысты болудағы рухани құндылықтардың маңыздылығы жөнінде студенттермен сұхбаттасып, болашақ экономистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  

ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы бас маманы-экономисті Еділ Умурзаков қаржылық ликбез жайында баяндама жасады. Ол ұлттық банктің негізгі міндеттеріне тоқталып, банк қызметтерін тиімді пайдалану жөнінде сөз қозғады. Ал Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жадан Бисенбин қаржылық қауіпсіздік және қаржылық алаяқтықтың алдын алу жайында айтып, жастарды алданып қалудан сақ болуға шақырды.  

Сондай-ақ, жиында киберқылмыс, банктердің ақпараттық қауіпсіздігі, алаяқтардан қорғану тәсілдері туралы талқыланды.