Басты бет > Жаңалықтар > Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау тәжірибесімен бөлісті
4
Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау тәжірибесімен бөлісті

6-10 қаңтар аралығында Жұбанов университетінде университеттің жетекші профессорлары оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған дәрістер өткізуде. Бүгін алғашқылардың бірі болып, PhD, қауымдастырылған профессор Гульжана Кузембаева «Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында профессор рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау үдерісі туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салада жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, профессор мақала жариялаудың алғашқы кезеңдерінде журналдың бағыт-бағдарын анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қадам мақала мазмұнының журналға сәйкес келуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ғылыми зерттеудің дұрыс аудиторияға жетуіне мүмкіндік береді.

Гульжана Кузембаева рецензиялау үдерісінің ғылыми мақалалардың сапасын арттырудағы рөліне тоқталды. Ол мақаланы ғылыми стандарттарға сай жазу, рецензенттердің пікірлерін ескеру және жарияланым сапасын арттыру бойынша пайдалы кеңестер берді. Сондай-ақ қатысушыларға ғылыми этика, мақаланың құрылымы мен тілдік талаптары туралы да ақпарат берілді.