Heriot-Watt университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Барлығын кезеңдермен түсіндіретін боламыз!
Ең алдымен Heriot-Watt университетінің кампусы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында орналасқанын білгеніңіз жөн. Кампус 2023 жылы ашылды. Қазіргі таңда онда 400-ден астам студент білім алуда.
Кампуста келесі білім беру бағдарламалары ұсынылады:
- Электр энергетикасы,
- Компьютерлік инженерия,
- Мұнай инженериясы және энергоменеджмент.
Университеттің ерекшелігі — басқа қалаларда орналасқан бірнеше кампустары бар, атап айтсақ, Малайзия, Эдинбург және Дубай. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, халықаралық тәжірибе жинау үшін осы кампустардың бірінде 1 семестрге оқу мүмкіндігіне ие.
Heriot-Watt университетіне оқуға тапсыру үшін не керек?
1. ҰБТ-ны сәтті тапсыру
Түсу үшін бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсыру қажет:
- Физика-математика,
- Математика-информатика, және жеткілікті балл жинау керек.
Назар аударыңыз:
- Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ сертификаттары ақылы оқуға түсу үшін жарамды.
- Мамыр және маусым айларындағы ҰБТ сертификаттары грантқа өтініш беру үшін қабылданады.
2. IELTS сертификатын ұсыну (5.0-ден төмен емес)
Егер сертификат жоқ болса, университетте өтетін ағылшын тілі бойынша тегін емтихан тапсыруға болады. Бұл емтихан қаңтар айынан бастап әр айдың соңғы сенбі күні өткізіледі.
3. Құжаттарды тапсыру мерзімдері
- Ақылы оқу: 20 маусымнан 25 тамызға дейін.
- Грантқа қатысуға өтініш қабылдау: 13-20 шілде аралығында.
4. ГРАНТҚА қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірмесі).
- Орта білім туралы құжат (мектеп бітірушілер үшін аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом) — түпнұсқа және көшірмесі.
- ҰБТ сертификаты.
- 3×4 см көлеміндегі фотосурет (саны университетте нақтыланады).
- Жеңілдік құқықтарын растайтын құжаттар (егер талапкер жеңілдік категориясына жатса).
5. Түсу үшін қажетті құжаттар тізімі
Қазақстан азаматтары үшін:
- Өтініш (университетте толтырылады).
- Білім туралы құжат (түпнұсқа).
- Медициналық анықтама форма 075-У (университеттің емханасында расталады).
- Екпе картасы (форма 063).
- Жеке куәліктің көшірмесі.
- 6 фотосурет 3×4 см көлемінде.
- ҰБТ сертификаты.
- Мемлекеттік білім беру грантын беру туралы куәлік (грантқа түсу үшін).
- Грант куәлігінде көрсетілген жеңілдіктерді растайтын құжаттар (грантқа түсу үшін).
- Оқыту құнының 30%-ы мөлшерінде төлем (ақылы оқу үшін).
- А5 форматындағы конверт.
- Папка (скоросшиватель).
Шетелдік талапкерлер үшін:
- Өтініш (университетте толтырылады).
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы + мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аударма.
- Білім туралы құжатты нострификациялау.
- 6 фотосурет 3×4 см көлемінде.
- Медициналық анықтама форма 075-У.
- Әңгімелесу ведомостінен үзінді (әңгімелесу онлайн түрде ZOOM арқылы өткізіледі).
- Паспорт көшірмесі + мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аударма.
- Оқыту құнының 30%-ы мөлшерінде төлем (ақылы оқу үшін).
- Папка (скоросшиватель).
- А5 форматындағы конверт.
Қосымша сұрақтар үшін
Мекенжай: Ә. Молдағұлова даңғылы, 34, кабинет 102
Қабылдау комиссиясының байланыс нөмерлері:
- 8 776 786 12 85, 8 778 550 91 95 (Call Center)
- 8 747 518 35 83 (WhatsApp)
- Жұмыс кестесі: 09:00-18:00, түскі үзіліс: 13:00-14:00